Осыдан соң ел қалай көгерсін!

Осыдан соң ел қалай көгерсін!

Мұсылмандардың халифі Омар ибн Абдул-Азиз әйгілі тақуа ғалым Хасан Басриге р.л.ғ.: «Осы хатым саған жетсе маған қысқа әрі нұсқа өсиет айтсаң!»,- деп хат жолдаған екен.

Сондағы Хасан Басридің р.л.ғ. мұсылмандар патшасына: «Хатың жетті. Қиялшыл болма!»,-деп жауап берген.

Бұл оқиғада екі мәселе бар!

1. Патшаның ынсаптылығы мен құдайшылдығы.

2. Ғалымның жүректілігі.

Бүгінгі күні адамзат осы екі құндылықтан айырылып тұр. Басшылар өсиет емес, жағымпаздық пен түлкі-мақтау күтсе, ал қоластындағылар со басшының қабағын бағуда. Осыдан соң ел қалай көгерсін!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға