Махаббаттың ақиқаты!

Мәжнунды әйелді сүйгені жалмады.
Қарун – Ибраһим (ғаләйһис-саләм) заманында өмір сүрген жендет патша.
Қарунды мал-дүниеге деген махаббат өлтірді.
Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бауыры Хамзаның р.л.ғ. өліміне Алла Тағалаға деген сүйіспеншілік себеп болды. Дәл осындай мүминдер жайында Хақ Тағала былай деген:
وَالَّذِينَ آمَنُوا أَشَدُّ حُبًّا لِلَّه
«Ал иманды жандар өзгеден гөрі Алла Тағаланы жақсы көреді».
Әрбір ғашық махаббат жолында сүйіспеншілігіне сай машақат көреді әрі сол машақаттың нәтижесі махаббат түріне сай болады – бір сүйіспеншілік жәннатты нәсіп етсе, екіншісі тозақы етеді. Сондықтан Хақ Тағала былай деген:
لَا يَسْتَوِي أَصْحَابُ النَّارِ وَأَصْحَابُ الْجَنَّةِ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ هُمُ الْفَائِزُونَ
«Тозақылар мен жәннатылар тең болмайды. Жәннатылар – жетістікке қол жеткізуші».