Тақуаның сыйы

Тақуаның сыйы

Алла Тағала «Қамар» сүресінің 54-55-ші аятында былай деген:

إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَنَهَرٍ فِي مَقْعَدِ صِدْقٍ عِندَ مَلِيكٍ مُّقْتَدِرٍ

«Шәк жоқ, тақуалар пейіштердегі өзен жағасында. Ықпалды үкім иесінің құзырындағы қалаған орнында».

Тақуа – Хақ Тағаланың әміріне бойсұнған, оның тыйғанынан тыйылған адам. Тақуа күнәні үлкен-кіші деп айырмайды. Ол күнә атаулының бәрін Жаратушы Иеге қарсы келу деп есептейді.

Тақуаның сыйы – нығметке тола жәннат. Ол жәннатта көз көрмеген, құлақ естімеген, тіпті адам баласының қаперіне келмеген нәрселер бар. Жәннат жемістері – шырын, сулары – ағын, сарайлары – биік, хор қыздары – сұлу.

Жәннаты болған тақуа өзі қалаған орынға отырады. Жәннатта болудың өзі бір ғанибет болса, жәннатта Хақ Тағаланың құзырындағы бір орынды иелену – ғанибеттің ғанибеті. (Сағди тафсирінен)

Хақ Тағала баршамызға тақуалық пен жәннатын нәсіп еткей! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға