Басшы қандай болуы тиіс?

Басшы қандай болуы тиіс?

Алла Тағала «Фурқан» сүресінің 74-ші аятында тақуа пенделерін бейнелеп, олардың былай деп тілейтіні жайында айтқан:

وَاجعَلنا لِلمُتَّقينَ إِمامـاً

«Бізді тақуалардың алды ет!»

Ғалымдар бұл аятты діни басшылықтың сипатына қатысты еткен. Яғни, дін ісінде басшы болған адам екі мақсатта қызмет етеді:

1. Адамдарға пайда тигізу;

2. Сауапқа қол жеткізу.

Келесі мәселе! Әдетте, біз «дін басшылығы» деп дінді қадағалайтын мемлекеттің құзырлы органдары не болмаса, мәселен, имамдарды деп түсінеміз. Бұл – дұрыс! Дегенмен, түп негізінде біз әрбіріміз дін басшысымыз. Біз «жанұя» деген мемлекеттің дін басшысымыз. Өйткені жанұя – мемлекет болса, жанұя мүшелері – сол мемлекет азаматтары. Біз діндар болсақ, балаларымыз да діндар болады. Біз дінсіз болсақ, балаларымыз діндар болуы екіталай. Осы айтылғанды Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Әрбірің – жауапкерсіңдер әрі қол астындағылар үшін жауап бересіңдер»,-деген сөзі растайды.

Демек, әрбір еркек отағасы, кішкентай мемлекеттің дін басшысы ретінде адамдарға, яғни жанұя мүшелеріне пайда тигізіп, сол арқылы сауапқа қол жеткізу мақсатында жан-тәнімен әрекет етуі тиіс. Тек осы жағдайда ол «тақуалардың алды» бола алады!

Хақ Тағала баршамызға тақуалардың алды болуымызды жазсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға