Бір мезетте жеті тілегі қабыл болған пенде!

Бір мезетте жеті тілегі қабыл болған пенде!

رَبِّ اشْرَحْ لِي صَدْرِي وَيَسِّرْ لِي أَمْرِي وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِن لِّسَانِي يَفْقَهُوا قَوْلِي وَاجْعَل لِّي وَزِيرًا مِنْ أَهْلِي هَارُونَ أَخِي اشْدُدْ بِهِ أَزْرِي وَأَشْرِكْهُ فِي أَمْرِي كَيْ نُسَبِّحَكَ كَثِيرًا وَنَذْكُرَكَ كَثِيرًا إِنَّكَ كُنتَ بِنَا بَصِيرًا

«Раббым! Көңлімді кеңейткейсің! Ісімді оңайластырғайсың! Тілімнің тұтықпасын шеше көр! Олар сөзімді түсінсін! Маған отбасымнан бір уәзір қыл! Туысым Һарұнды. Ол арқылы мені қолда! Оны істеріме ортақ қыл! Сені көп дәріптеуіміз үшін. Сені көп еске аламыз. Күдіксіз Сен бізді көресің». («Таһа», 25-35 аят)

Бұл кімнің дұғасы?

Бұл – Кәлимул-лаһ, яғни Хақ Тағаламен дәнекерсіз, тікелей сөйлескен Мұса пайғамбардың ғ.с. дұғасы.

Мұса ғ.с. бұл тілегін қай кезде айтты?

Алла Тағала оны жендет Перғауынға елшісі етіп жіберіп жатқан сәтте. Сол кезде Хақ Тағала Мұсаға ғ.с.:

اذْهَبْ إِلَى فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَى

-«Перғауынға бар! Өйткені ол шектен шықты»,-деген болатын. («Таһа», 24 аят) Сонда Мұса ғ.с. жоғарыдағы тілегін білдірді.

Оның тілегіне жауап беріп Хақ Тағала:

قَدْ أُوتِيتَ سُؤْلَكَ يَا مُوسَى

-«Уа, Мұса! Тілегенің берілді»,-деді. («Таһа», 36 аят)

Қарар болсақ, Мұса пайғамбар ғ.с. Жаратушы Иеден жеті нәрсені тіледі:

- Көңілімді кең болуын. (жүрегі пайғамбарлықтың жүгін көтере алуын)

- Ісі оңай болуын. (пайғамбарлық міндетін атқара білуін)

- Тілі тұтықпауын. (қобалжығанда Мұсаның ғ.с. тілі тұтығып қалатын)

- Адамдар сөзін ұғынуын. (пайғамбарлық міндетін атқару барысында)

- Бауыры Һарұн көмекшісі болуын. (өйткені пайғамбарлық – тым жауапты міндет)

- Һарун жәрдемшісі болуын. (пайғамбарлық міндетін атқару барысында)

- Һарунды пайғамбарлықта ортақ болуын. (нәтижеде екі ағайынды пайғамбар болды)

Құран – даналық көзі. Құран арқылы Алла Тағала мұсылмандарға жол нұсқап, қандай жағдайда не істеу керектігін үйретеді. Олай болса, неге бізге де Мұса пайғамбар ғ.с. тәрізді Хақ Тағалаға сүйеніп, қажетімізді тілемеске?!

Әрине, біреу айтуы мүмкін: «Мұсаның ғ.с. жеті тілегі бірде қабыл болса, ол – пайғамбар ғой»,-деп. Бірақ, Алла Тағала дәл сол Құранда: «Бір мезетте тек Мұсаның ғ.с. жеті тілегін қабыл етемін»,-демеді ғой!

Оған қоса Ғубада (родиял-лаһу ғанһу) айтады:

أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: مَا عَلَى الأَرْضِ مُسْلِمٌ يَدْعُو اللهَ بِدَعْوَةٍ إِلاَّ آتَاهُ اللهُ إِيَّاهَا أَوْ صَرَفَ عَنْهُ مِنَ السُّوءِ مِثْلَهَا مَا لَمْ يَدْعُ بِإِثْمٍ أَوْ قَطِيعَةٍ رَحِمٍ، فَقَالَ رَحُلٌ مِنَ الْقَوْمِ: إِذًا نُكْثِرُ، قَالَ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اَللهُ أَكْثَرُ

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Жер бетiнде бiрер мұсылман күнәлi iс iстегенге немесе туысқаннан безуге дұға етпесе, Алла Тағала оның кез келген дұғасын қабыл етедi немесе сол дәрежеде одан жамандықтарды қайтарады»,-дегенде, жамағаттан бiр адам: «Ондай болса бiз Алла Тағаладан тiлеуiмiздi көбейтейiк»,-дедi. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оның бұл сөзiне: «Алла Тағаланың берерi сендердiң тiлегендерiңнен көп»,-деп жауап бердi».(Тирмизи)

Олай болса, Жаратушы Иеге мінәжат етуімізді көбейтейік! Өйткені жомарттығы шексіз Алла Тағала бір мезетте тілегенімізге: «Ей, күнәһар пендем! Тілегеніңді бердім!»,-деп жауап беруі ғажап емес!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға