Кәпірлікте өзгелерден асып түскен

Кәпірлікте өзгелерден асып түскен

Төменде назарларыңызға кәпірлікте өзге адамзаттан асып түскен 10 адамды ұсынамыз. Бұл 10 адамның екеуі өзін құдай санаса, қалған сегізі өзгелердің ақиқаттан, құдайшылдықтан адасуларына себепкер болған. Айтар болсақ, өзгелердің пұтқа табынуына себепкер болған.

1. Намруд

Вавилон әміршісі, бүкіл дүниені билеген төрт патшаның бірі. Намруд өзін құдай есептеген. Намруд Ибраһим пайғамбарды ғ.с. өртеуді бұйырған жендет. Бұл оқиға жайында Құранда баян етілген.

2. Перғауын

Шын есімі беймәлім. Бірақ тарихшылар бірауыздан мына мәселеде келіседі – Перғауын адамзат тарихында ең ауыр күнәға бас ұрғандарың бірі. Ол – өзін құдай деп жариялау.

Өзгелердің ақиқаттан адасуына себепкер болғандар:

3. Қудар ибн Сәлиф

Самуд қауымын Солих пайғамбардың ғ.с. түйесін бауыздауға итермелеген кәпір.

Солих пайғамбардың ғ.с. қауымы оның пайғамбарлығына дәлел талабы етеді. Сонда Алла Тағала жартастан іңген мен ботасын шығарады. Мұғжиза ретінде жартастан шығарған сол іңген мен оның ботасын өлтіруге бірінші болып қадам басқан адам – Қудар ибн Сәлиф.

4. Ғамр ибн Лүхай Әл-Хузағи

Көне заманда Меккенің әміршісі болған. Арабтарға Ибраһим пайғамбардан ғ.с. мұра болып қалған ханафи (жалғыз Хақ Тағалаға құлшылық ету) дінін бұрмалап, араб жазирасына пұтқа табыну дінін пайда еткен. Оның тарихы: Ғамр ибн Лүхай Шамға барғанында ондағы адамдардың пұттарға табынып жатқанын көреді. Шамдықтардың бұл ісіне сүйсіне қарған Ғамр ибн Лүхай Шамнан Меккеге «Һубәл» деп аталатын пұтты алып келіп келеді де, оны Қағбаның ішіне орнатып, арабтарға оған табынуды бұйырады. Осыдан соң Мекке тұрғындарына құрметпен қараған Хижәз (Араб жәзирасының) адамдары, ал олардан соң өзге де ел пұттарға табына бастайды.

5. Самири

Алтыннан бұзау мүсінін жасап, яһудилерді соған табындырған адам. Ол жайында Құранның «Таһа» сүресінде баян етілген.

6. Апостол Павел

Түп негізінде яһуди болған апостол Павел христиан дінінде «киелі үштік» түсінігін пайда етіп, христиан дінінің бұрмалануына себепші болған. «Киелі үштік» түсініктің негізінде христиандарда «Құдай-әке, Құдайдың баласы және Киелі рух» ұғымы қалыптасқан.

7. Абдулла ибн Саба

Йемендік яһуди. Үшінші әділ халифа Османның (родиял-лаһу ғанһу), 8 мыңға жуық сахаба мен табиғиндердің өліміне себепкер болған. Өзінің қазымыр саясатына жету мақсатында төртінші әділ халифа Әлиді (родиял-лаһу ғанһу) мақтап, «Әли – Пайғамбардың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жалғыз мұрагері» деген ойды жайған. Онымен шектелмей Абдулла ибн Саба Әлиді (родиял-лаһу ғанһу) «құдайдың бейнесі» деген де ой айтқан. Мұны естіген Әли (родиял-лаһу ғанһу) оның басын алуды бұйырады. Бірақ араға Абдулла ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) түсіп, Абдулла ибн Саба аман қалады. Рафиди ағымының негізін салған да дәл осы Абдулла ибн Саба болатын.

8. Чарльз Дарвин

Бабасы маймыл болған. «Құдайсыздық, өзінен-өзі жаратылу» ұғымын ғылыми теория негізінде қалыптастырған.

9. Карл Маркс

Көптеген қоғамды құдайсыздыққа ұрындырған коммунизм, социализм, материализм тәрізді ұғымдарды «ғылыми» көзқарас ретінде қалыптастырған.

10. Ленин

Карл Маркстың қағазға түсіргенін іс жүзінде атқарған адам. Карл Маркстың сөзі мен Лениннің ісі нәтижесінде миллиондаған адам дінсіздікке ұрынып, құдайсыз болып, соның себебінен имансыз кетті. Ленин жерленбей жатқаны соның себебінен болар!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға