Кәлиманың артықшылығы

Кәлиманың артықшылығы

Ибн Ражәб Әл-Ханбалидің тафсирінде кәлиманың отызға жуық артықшылығы жайында айтылған. Солардың кейбіріне тоқтала кетсек.

«Лә иләһа илләл-лаһ» кәлимасы:

1. Омар және өзге де сахабалар (родиял-лаһу ғанһум) айтқанындай кәлима – тақуалық сөзі;

2. Ықылас сөзі;

3. Ақиқат куәлігі;

4. Ақиқат үндеуі;

5. Жәннаттың кілті әрі жемісі;

6. Жәннатқа кірудің кепілі;

7. Тозақтан қалқан;

8. Иманның басты қуаты;

9. Пайғамбарлардың айтқан ең абзал сөзі;

10. Зікірдің абзалы;

11. Қабір азабы мен Қиямет үрейінен қорған;

12. Қабірден тұрған мүминдердің айтатын ең әуелгі сөзі;

13. Ширктен, яғни Алла Тағалаға серік қосудан сақтану;

14. Осы кәлиманың себебінен барша жаратылыс жаратылған;

15. Барша пайғамбар осы ақиқатты жеткізу мақсатында жіберіліп, барша иләһи Кітап осы ақиқатты баян ету мақсатында түсірілген;

16. «Лә иләһа илләл-лаһ» кәлимасын айту – нығметтің ұлығы;

17. Жәннат пен тозақтың әзірленуіне осы бір ғана сөз себеп;

18. Бұл кәлима мүминнің жаны, ары мен дүниесінің қорғаны;

19. Кәлима Хақ Тағаланың кешірімін нәсіп етеді;

20. Күнә мен қатені жуып-шаяды;

21. Кәлиманы айту – сауапты амалдың абзалы;

22. Кәлима Жаратушы Ие мен пенденің арасындағы пердені жояды;

23. Кәлима дұғаның қабыл болуына септігін тигізеді;

24. Кәлима Хақ Тағаланың растауын нәсіп етеді;

25. Күнәсі себебінен тозаққа түскен пенденің тозақтан шығуына септігін тигізеді;

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға