Кәлиманың дәрежесі

Кәлиманың дәрежесі

عن أَبي هريرة رضي الله عنهُ أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال: يا أبا هريرة، وأعطاني نعليه فقال: اذْهَبْ بِنَعْلَيّ هاتَيْنِ فَمَنْ لقيتَ مِنْ وَرَاءِ هَذا الحائِط يَشْهَدُ أَنْ لا إلهِ إلّا اللهُ مُسْتَيْقناً بِهَا قَلبُهُ فَبَشِّرْهُ بالجنَّةِ

Әбу Һурайра (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Уа, Әбу Һурайра!»,-деп маған екі аяқ-киімін берді де былай деп бұйырды: «Мына екі аяқ-киімді ал да, мына дуалдың арғы жағында саған кездескен және шын жүректен нық сеніммен Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ екеніне куәлік еткеннің бәрін жәннатпен сүйіншіле».

Хадистi Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Муслим риуаят еттi.[1]

Түсініктеме: хадистерде кәлиманы айтқан пенде тозақтан аман болатыны жайында айтылған. Тек кәлиманы айтудың шарттары орындалса болғаны. Сол шарттардың бастапқысы – кәлиманы шын жүректен нық сеніммен айту.

Кәлиманың шарттары кілттің тістері тәрізді. Тістері тура келген кілт құлыпты ашқандай шарт-талаптарына сай айтылған кәлима да жәннаттың есігін ашады.

Кәлиманың талап-шарттарына сай айтылғанын қалай байқаса болады? Бірінші мәселеде талап-шарттарына сай айтылған кәлима пенденің бойында тақуалықты пайда етеді, ал бұл өз кезегінде пендені парыз амалдарды орындап, арамнан тыйылуына алып келеді. Сонан соң пенде мустахаб амалдарына қызығушылық білдіріп, күмәнді нәрселерден сақтана бастайды. Осылайша ықыласпен айтылған кәлима пенденің дәрежесін өсіріп Хақ Тағаланың рахметі мен жарылқауына жақындата түседі де, соңында жәннаты етеді.



[1]‏صحيح مسلم، 1 - كتاب الإيمان، 10 - باب الدليل على أن من مات على التوحيد دخل الجنة قطعا، الحديث رقم 52

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға