Ықыласпен айтылған кәлиманың шарапаты

Ықыласпен айтылған кәлиманың шарапаты

عن أبي موسى رضي الله عنه قال: أتيت النبي صلى الله عليه وسلم ومعي نفر من قومي فقال: أَبْشِرُوا وَبَشِّرُوا مَنْ وَرَاءَكُمْ أَنَّهُ مَنْ شَهِدَ أَنَّهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ صَادِقاً بِهَا دَخَلَ الْجَنَّةَ

Әбу Муса (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Мен бір топ адаммен Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) барғанымда ол былай деді: «Өздерің қуанып, өзгелерді де сүйіншілеңдер! Хақ Тағаладан басқа тәңір жоқ екеніне шын жүректен куәлік еткен адам жәннатқа кіреді».

Хадистi Әбу Мусадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Ахмад және Имам Табарони риуаят еттi.[1]

Жүрегі тілмен айтқанын растаған пенде Алла Тағаланың жалғыздығына шын жүректен куәлік еткен болады әрі осы сенімде жантәсілім болған адам, тіпті бір күнәсі себебінен тозаққа түссе де, күнәсінің жазасын өтеп болғаннан соң, түбінде жәннатқа кіргізіледі. Алла Тағала кәлиманы шын жүректен айтқан күнәһар пендесінің күнәсін қаласа кешіреді, қаласа тиісті жазасын береді.



[1]‏مجمع الزوائد للحافظ الهيثمي، 1 - كتاب الإيمان، 1 - باب فيمن شهد أن لا إله إلا الله، الحديث رقم 7

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға