Иманды жаңарту мәселесі

Иманды жаңарту мәселесі

عن أبي هريرة رضي الله عنه قال: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: جَدِّدُوا إِيمَانَكُمْ، قِيلَ: يَارَسُولَ اللهِ وَكَيْفَ نُجَدِّدُ إِيمَانَنَا؟ قَالَ: أَكْثِرُوا مِنْ قَوْلِ لآ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ

Әбу Һурайра (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Имандарыңды жаңартып тұрыңдар»,-дегенде сахабалар (родиял-лаһу ъанһум): «Уа, Расулуллаһ! Иманымызды қалай жаңартамыз?»,-деді.

- «Лә иләһә илләл-лаһ» сөзін көп айтыңдар».

Хадистi Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Ахмад және Имам Табарони риуаят еттi.[1]

Мүмин пенде «лә иләһә илләл-лаһ» кәлимасын жиі айтқаны дұрыс. Себебі кәлиманы үнемі айтып жүруді әдет ету жүректі иман нұрымен нұрландырып, пенденің тұла бойын тақуалықпен нәрлендіреді. Мұны бір сөзбен «иманды жандандыру» десе де болады.

Бұл хадисте иманды жандандырудың ең қолайлы жолы баян етілген. Дегенмен, шариғатта иманды жандандырудың өзге де жолдары қарастырылған. Ол – дін талаптарын орындау. Мысалы, Хақ Тағаланың ұлықтылығы, пайғамбарлықтың ақиқаттылығы, өлім, жәннат пен тозақ жайында ойлау, намаз оқу, ораза ұстау т.с.с. Осы амалдың бәрі иманды қуаттап жандандырады.



[1]‏مجمع الزوائد للحافظ الهيثمي، 1 - كتاب الإيمان، 11 - باب تجديد الإيمان، الحديث رقم 159

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға