Төрт нәрсеге нанбайынша...

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:
قال رسولُ الله صلى الله عليه وسلم: لاَ يُؤْمِنُ عَبْدٌ حَتَّى يُؤْمِنَ بِأَرْبَعٍ: يَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَأَنِّي رَسُولُ اللهِ بَعَثَنِي بِالْحَقِّ وَيُؤْمِنُ بِالْمَوْتِ وَيُؤْمِنُ بِالْبَعْثِ بَعْدَ الْمَوْتِ ويُؤْمِنُ بِالْقَدَرِ
«Төрт нәрсеге нанбайынша пенде иман келтірген болмайды. Ол: Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ, ал мен – ақиқатпен жіберілген Оның елшісі екеніме иман келтіру. Өлімге, өлімнен кейін қайта тірілуге және тағдырға иман келтіру».
Хадистi Әлиден (родиял-лаһу ъанһу) Имам Тирмизи риуаят еттi.[1]
Иманның ақиқаты – осы хадисте айтылған төрт нәрсеге шәксіз нану.
Мүмин пенде Хақ Тағаланың жалғыздығына және Мұхаммед (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) – Оның елшісі екеніне нық сенеді. Шариғатта мұны «шаһада» деп те айтады.
Шаһада – куәлік ету.
Шаһада екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – Алла Тағалаға иман келтіру болса, екінші бөлігі – Мұхаммедтің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлығына иман келтіру. Шаһаданың бұл екі бөлігі бір-бірін толықтырады әрі бірі болмаса екінші жарамсыз болады.
Шаһаданы айтқан адам жүрегіндегі сенімін тілмен айтып растаған болады.
[1]تحفة الأحوذي للمباركفوري، 31 - كتاب القدر، 1231 - باب ما جاءَ أَنّ الاْيمَانَ بالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرّه، الحديث رقم 2170