Тағдырға иман

Тағдырға иман

Мүмин пенде дүниедегі барлық нәрсе тек Хақ Тағаланың қалауымен болатынына сенеді де «былай етсем – былай болар еді» деген ойдан барынша аулақ болады. Өйткені:

ما شاء الله كان وما لم يشاء لم يكن

«Алла Тағала қалағаны болып, қаламағаны болмады». Басқаша айтар болсақ: Хақ Тағаланың қалағаны болады да, қалмағаны болмайды.

Мұсылманның осы сенімі «тағдырға сенім» деп айтылады.

Айта кететін нәрсе – өлім мен тағдырдың арасында тығыз байланыс бар. Бір ғана мысал: атеисттер адамның өліміне қарттық себеп дейді. Алайда қартаймастан, мәселен ауру-кеселден немесе түрлі апаттан көз жұмып жатқан қанша ма адам бар? Келесі мәселе – біреу 70 жасында көз жұмса, біреулер 100 жыл өмір сүріп жатады. Қарттықтан өлетін болса неге сол жүз жасағандар 70 жасында өліп қалмайды?! Сондықтан «адам қарттықтан өледі» деген ой ақиқатқа қайшы. Ақиқаты – адам Алла Тағаланың қалауымен жан тапсырады. Барлық адам Алла Тағаланың белгілеген тағдырына сай мөлшерде өмір сүреді. Себебі Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

لَا تَسْتَبْطِئُوا الرِّزْقَ فَإِنَّهُ لَمْ يَكُنْ عَبْدٌ لِيَمُوتَ حَتَّى يَبْلُغَهُ آخِرَ رِزْقٍ هُوَ لَهُ

«Ризық-несібелеріңді асықтырмаңдар! Себебі соңғы ризық-несібесі жетпейінше пенде өлмейді»,-деген.

Демек, кез келген адамның ғұмыр мөлшері Хақ Тағала белгілеген ризық-несібесіне, яғни тағдырға байланысты.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға