Рамазан – Құран түскен ай

Рамазан – Құран түскен ай

قال عن النبي صلى الله عليه وسلم: أنزلت صحف إبراهيم أول ليلة من شهر رمضان وأنزلت التوراة لست مضين من رمضان وأنزل الإنجيل لثلاث عشرة مضت من رمضان وأنزل الزبور لثمان عشرة خلت من رمضان وأنزل القرآن لأربع عشرة خلت من رمضان ‏

Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Ибраһимнің (ғаләйһис-саләм) сухуфтары Рамазанның алғашқы түнінде түсірілді. Таурат Рамазанның алты күні өткеннен кейін түсірілді. Інжіл Рамазанның он үш күні өткеннен кейін түсірілді. Забур Рамазанның он сегіз күні өткеннен кейін түсірілді. Ал Құран Рамазанның он төрт күні өткеннен кейін түсірілді».

Хадистi Уасиләдан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Табарони риуаят еттi.[1]

Түсініктеме: Әл-Хуләйми (рохматуллаһи ғаләйһи): «Құран Рамазанның он бесінші күні түсірілді»,-десе, оның бұл дегенін имам Байһақи (рохматуллаһи ғаләйһи) растаған.[2]

Келесі мәселе! Құран осы түні Ләух Әл-Махфузға түсірілген.[3]

Ләух Әл-Махфуз – бүкіл жаратылыстың тағдыры сақталған орын.

Сонан соң Құран 23 жыл бойы Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) түрлі жағдайға қатысты бөлек-бөлек түсірілген. Құран 23 жыл бойында бөлініп түсірілудің мәнісіне қатысты имам Ар-Рази (рохматуллаһи ғаләйһи) былай деген: «Егер Құран бүтіндей бір кезде түссе еді ақыл адасып, ой шатасар еді». Сонымен қатар ғалымдардың айтуынша Құран бөлініп түсірілуі шариғат үкімдерін меңгеріп, аяттарды жаттауға қолайлы жағдай жасады.[4]

Имам Ибн Хажәр (рохматуллаһи ғаләйһи) былай деді: «Бұл хадис Хақ Тағаланың:

شهر رمضان الذي أنزل فيه القرآن

Рамазан – Құран түсiрiлген ай»[5],-және:

إنا أنزلناه في ليلة القدر

-«Расында, біз Құранды Қадір түні түсірдік»,-сөздерімен сәйкес.[6] Құран түсіріген жылы ол алдымен Қадір түні дүние аспанына, сонан соң Рамазанның жиырма төртінші күні:

اقرأ باسم ربك

-«Раббыңның атымен оқы!»,-деген[7] алғашқы аяты түсірілсе керек».[8]



[1]‏معجم الطبراني الكبير، باب الواو، واثلة بن الأسقع الليثي، أبو المليح بن أسامة الهذلي عن واثلة

[2]«Файдул-Қадир, шарху Жәмиғис-сағир»

[3]«Файдул-Қадир, шарху Жәмиғис-сағир»

[4]«Файдул-Қадир, шарху Жәмиғис-сағир»

[5]«Бақара», 185 аят.

[6]«Қадір», 1 аят.

[7]«Ғаләқ», 1 аят.

[8]«Файдул-Қадир, шарху Жәмиғис-сағир»

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға