Рамазан айының ерекшелігі

Рамазан айының ерекшелігі

قال رَسُول اللَّهِ صلى الله عليه وسلم: إِذَا جَاءَ رَمَضَانَ فُتّحَتْ أَبْوَابُ الْجَنّةِ، وَغُلّقَتْ أَبْوابُ النّارِ، وَصُفّدَتِ الشّيَاطِينُ

Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Рамазан айы кіргенде жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады және шайтандар кісенделеді».

Хадистi Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Муслим риуаят еттi.[1]

Түсініктеме: Рамазан айында жәннат есіктері ашылуы – хақ! Сонымен қатар жәннат есіктері ашылуы «көп құлшылық ету мүмкіндігі болуы ықтимал».[2]

Имам Әл-Манауи (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Бұл Алла Тағаланың рахметі жауғанның әрі сол уақытта істелген құлшылық ешбір кедергісіз көтерілудің, яғни қабыл болудың белгісі».[3]

Рамазанда тозақ есіктері жабылады, яғни пенделерден мүминдерден жаза алыстатылады. Сонымен қатар Рамазанда тозақтың есіктері жабылуы өзге уақытта тозақ қақпалары ашық болатынына ишара.[4]

Шайтандардың кісенделінуіне келер болсақ, имам Әл-Қази Ғияд (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Бұл сөз тікелей мағынада айтылуы ықтимал. Жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылу және шайтандардың кісенделінуі – Рамазан кіргеннің және оны құрметтеудің белгісі. Шайтандар мүминдерге зиян келтірмеулері және оларға уасуас етпеулері үшін кісенделеді».[5]

Біреу: «Рамазанда шайтандар кісенделсе, онда неге ораза кезінде күнә істеледі?»,-деп айтуы әбден мүмкін! Жауап: оразаның кезінде күнә істелуіне күнә істеуді әдет еткен және жаман пейілді адамдардың болғаны жеткілікті. Оған қоса күнәға тек шайтан себеп болмайды.[6] Өйткені «ауру қалса да әдет қалмайды» демекші, күнә істеуді әдеттеніп қалған пенде бір мезетте өзгеріп кетуі қиын.



[1]‏صحيح مسلم، 1 - باب فضل شهر رمضان، الحديث رقم 1079

[2]«Сахих Әл-Бухари»

[3]«Файдул-Қадир, шарху Жәмиғис-сағир»

[4]«Сунанун-Насаи»

[5]«Сахиху Муслим»

[6]«Сунанун-Насаи»

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға