Солар сияқты болыңдар!

Солар сияқты болыңдар!

Ибн Ғайина (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Әкім сөйлесіп тұрған бір топ адамның жанын өтіп бара жатып оларға: «Алла Тағала сөздерін естіп, періштелер оны жазып тұрғанын білген адамдардың сөзін айтыңдар!»,-деп насихат айтты». (حلية الأولياء)

Бұл жерде үш мәселе бар:

1. Әкім (басшы) қоластындағылардың қамын ойлауы. Осы себептен ол адамдарға жақсы сөз айтуын насихат етті.

2. Алла Тағала естіп, періштелер жазатын сөз – Ақыретте сауап болатын жақсы сөз. Осы сөзді айтқан әкім – Ақыретін ойлаған иманды әкім.

3. ...адамдардың сөзін айтыңдар. Бұл сөздің ұғымы: барлығыңды Хақ Тағала бақылап тұр. Сондықтан Ақыретте қасіретке айналатын өсек, ғайбат т.с.с. сөз айтпаңдар!

Жаратушы Ие елімізге Ақыретін ойлаған осындай иманы басшыларды нәсіп еткей! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға