Бекітілген сүннетті оқымағанның нәтижесі!

Бекітілген сүннетті оқымағанның нәтижесі!

Күнделікті бес уақыт намаздың барысында бекітілген 12 рәкәғат сүннет намазы бар. Ол: таң намазының 2 рәкәғат сүннеті, бесін намазының 6 рәкәғат сүннеті, шам намазының 2 рәкәғат сүннеті және құбтан намазының 2 рәкәғат сүннеті.

Бекітілген сүннет амалдың үкімі: істеген сауапқа және Ақыретте Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шапағатына лайық болады. Бекітілген сүннеті істемеген адам айыпқа лайық.

Өкінішке орай кейде бес уақыт намаздың осы 12 рәкәғат бекітілген сүннетіне немқұрайлы қарап, жалқауланып оқымайтын кездеріміз болады. Ол ол ма? Бекітілген сүннет намаздарын мүлдем оқымайтындар да болады. Әрине, сүннет намаздарын оқу-оқымау әркімнің жеке ісі. Дегенмен бір жыл бойы 12 рәкәғат бекітілген сүннет намазын оқымаған адам не жоғалтады? Соған бір назар аударайық!

Алдымен күнделікті 12 рәкәғат сүннет намазын 365 күнге көбейтеміз: 12 х 365 = 4380. Әр рәкәғатта 2 сәжде орындалады. Енді осы 2 сәждені 4380 рәкәғатқа көбейтеміз: 2 х 4380 = 8760.

8760! Бұл ненің көрсеткіші? Қалай ойлайсыздар? Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтқандай әр сәжде пенденің дәрежесін бір сатыға көтереді. Демек бұл – жыл бойы бекітілген сүннет намаздарын оқымаған пенденің Ақыреттегі дәрежесі 8760 сатыға көтерілмейді деген сөз.

Бекітілген сүннет намазын оқымаған пенденің жыл бойы жоғалтары осы болса, өмір бойы оқымағанның нәтижесі қандай болмақ?!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға