Ананың тұлғалығы

Ананың тұлғалығы

Бірінші сынып мұғалімі шәкірттеріне: «Бүгін әрбірің үлкен болған кезде кім болатындарыңды айтып бересіңдер»,-дейді. Сонда шәкірттің бірі: «Мен ұшқыш боламын»,-десе, екіншісі: «Мен инженер боламын»,-үшіншісі: «Мен дәрігер боламын»,-дейді. Осылайша шәкірттің бәрі өз арманын айтып өтеді. Соңында бір шәкірт: «Мен өскенде сахаба болғым келеді»,-дейді. Мұны естіген шәкірттің бәрі оның бұл сөзіне күледі. Тек мұғалім ойланып қалады...

Бірінші сыныптың шәкірті не деді? Оның арманы жасына сай ма? Оның сөзіне таңданған мұғалім: «Не үшін сен сахаба болуды қалайсың?»,-деп сұрайды.

- Күніге түнде ұйқыға жатарда анашым маған сахабалар жайында айтып береді. Оларды Алла Тағала жақсы көреді екен. Сондықтан мен де үлкейгенде сахаба боламын.

Мұғалім ойланып қалады. Оның түсінгені – бала сахабалар сияқты болуын қалағаны анасының текітілігі, тұлғалығы, имандылығы мен тақуалығынан.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға