Анам солай үйретті...

Анам солай үйретті...

Бірінші сынып мұғалімі сурет сабағында шәкірттеріне көктемді салуды тапсырады. Сабақ соңында тапсырманы тексеру барысында шәкірттің бірі Құранды салғанын байқайды. Мұғалім оның бұл ісінен таңданып: «Сендер көктемді салу керек едіңдер. Ал сен болсаң Құранды салыпсың»,-дегенде шәкірт байсалдылықпен: «Құран – жүрегімнің шуағы. Анам мені осылай үйреткен»,-деп жауап береді.

Арабтарда «القرآن ربيع قلبي» деген сөз бар. Сөзбе-сөз аудармасы: Құран – жүрегімнің көктемі. Ал көктем дегеніміз қыстың ызғарынан кейінгі күннің жылуы, шуағы. Сондықтан бұл жерде осы сөздің мағнауи аудармасын келтіріп, әңгіменің мағынасын жеткізе алдық деп ойлаймыз.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға