Сүннет көзді емдейді!

Сүннет көзді емдейді!

Сүннет берекеті көзге пайдалы.

Имам Табарони (рохматуллаһи ғаләйһи) Ибн Аббастан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

إذا قام أحدكم في الصلاة فلا يغمض عينيه

«Қайсы бірің намазда тұрсаңдар, көздеріңді жұмбаңдар!»

Ғалымдар бірауыздан намазды көзді үзірсіз жұмып оқуды мәкрүһ деген. Бұның мәнісі:

- намаз оқыған адам намазда ұйықтағандай болмау керек.

- яһудилердің құлшылығында көз жұмып мінәжат ететін әдеті болған. Оларға ұқсамау үшін намазды үзірсіз көз жұмып оқымаған абзал.

Дегенмен, зиянды нәрсе түсуден сақтанып көзді жұмса болады. Сонымен қатар кейбір ғалымдар ой бөлінбеу үшін намазды көзді жұмып оқыса болады деген ой айтса, кейбір ғалымдар намазды көзді жұмып оқуды бір мәселе ретінде көрмеген. Яғни, кім қалай оқысада, өз еркі. Намазды көзді жұмып, не болмаса ашып оқудың парқы жоқ. Сондай-ақ кейбір ғалымдар, мысалы Мужәһид пен Қатада намазды көзді жұмып оқуды мәкрүһ деген. Анығы Алла Тағалаға мәлім!

Дегенмен, намаз барысында қиямда (тік тұрғанда) көз сәжде орнына қарап тұру – сүннет. Сондықтан енді намаздың көзге әсері жайында айтсақ! Қазіргі күні интернеттен көз гимнастикасына қатысты түрлі мәлімет тапса болады. Байқап қарасаңыз, сол гимнастиканың негізгі қағидаттың бірі – бір нүктеге алыс-жақыннан қару, жарық пен қараңғыны кезектестіру. Дәл осы тәсіл намазға тән. Мәселен, намазда қиямда тұрған адам сәждеде басты қоятын жерге қарап тұрады. Рукуғте көз жерге қарап тұрады, яғни алыс болған жер (еден, жайнамаз) біршама жақындатылады. Сонан соң қайта қиямға тұрғанда ол орын алыстатылады. Сонан соң бас сәждеге қойылғанда жер тым жақын болады әрі көз жерге жақын болу себебінен жарық бәсеңдетіледі. Кейін бас сәждеден көтерілгенде жарық ұлғайып, жер алыстатылады. Қарар болсақ, екі рәкәғат намазды оқу барысында әрекеттің осы топтамасы екі қайтара қайталанады. Ал мұсылман күнделікті бес уақыт парыз намазымен қатар нәпіл намаздарын оқитынын ескерсек, намаз көз үшін тым пайдалы деуге әбден болады!

Бүгінгі мынау жаһандану заманында баршамыз «тренинг, медитация» деген сөзден хабарсыз емеспіз. Тренинг пен медитацияның негізгі мақсаты – ойды шоғырландыру, зейін қою. Ғалымдар мұндай жаттығулардың адамның психикасы мен нерв жүйесіне оң ықпал ететіні жайында айтады. Ал намазға зейін қою, қиям, рукуғ, сәждеде көзді жүгіртпестен бір орынға қарап тұру медитация мен тренинг болмағанда не болды?! Бірақ намаздың әдеттегі тренинг пен медитациядан ерекшелігі – тән мен қатар жанның тынығуы, пенденің Хақ Тағаламен байланыс орнатуы және сауап алыу.

Хақ Тағала баршамызға дініміздің берекетін нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға