Салауатты көп айтайық!

Салауатты көп айтайық!

Ислам дінінде Хақ Тағаланың парыз еткені бар. Сол парыздарды орындау пенденің ғұмыры мен тіршілігін берекелі етеді. Сонымен қатар дінімізде мустахаб, яғни шариғат орындалуын оң көрген амалдар бар. Алла Тағала ол амалдарды орындау-орындамау мәселесін пенденің қалау еркіне берген. Дәлірек айтқанда мустахаб амалын істеген сауапқа қол жеткізіп, орындамаған күнәһар болмайды. Демек, мустахаб амал – иман деңгейінің көрсеткіші. Ал мустахаб амалдардың төресі – жұма күні Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) салауат айту. Сондықтан бүгінгі қасиетті жұма күні көп салауат айтып, мол сауапқа қол жеткізейік, құрметті мұсылман қауым!

Жұма қабыл болсын!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға