"Жаңа жыл жарылқа" деп айтса несі айып?

"Жаңа жыл жарылқа" деп айтса несі айып?

Деген сұрақ осы күні көп адамның көкейінде жүр. "Жаңа жыл жарылқа, есік жыл есірке" деген сөз әсіресе осы күндері айтылса бір орнын тапқан кірпіш құсап жөнімен жатқандай болып тұрады. Әлгі "біреу қыз алып қашады, біреу босқа қашады" дегендей, бұл сөздің мағынасын біреу біліп айтады, біреу білмей айтады кейде.

Ал анығында жарылқау немесе есіркеу тілеу құлшылық болып табылады. Сондықтан ол сөзді Аллаһтан өзге ешкімге қолдануға болмайды. Себебі Аллаһтан басқа ешкім біздің тағдырымызға иелік ете алмайтындықтан, Одан басқа ешкімде құлшылыққа лайық емес. Біріншіден "Жаңа жыл жарылқа, есік жыл есірке" деген сияқты сөздер дұға мәтіндес сөздерге жатады. Ал дұға-тілектерді біз Алладан ғана сұраймыз.
Аллаһ тағала құранда: «Раббыларың: «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін. Ал маған құлшылық етуге менменсінгендер Тозаққа қор болып кіреді», - деді». («Ғафир» сүресі, 60-аят)

Екіншіден, Алладан Өзге Жарылқаушы да Есіркеуші де жоқ. Аятта Аллаһ тағала: "Және де Аллаһтан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Сонда, егер оны істесең, онда сен күдіксіз залымдардан боласың, (Мұхаммед ғ.с.) егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Аллаһтан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, оның кемшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол өте жарылқаушы, ерекше мейірімді" деген. (Юнус сүресі, 106-107 аяттар).

Жанәділ Раймбеков

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға