Ақырет және дүние сынағы

Ақырет және дүние сынағы

Анасы баласын таң намазына тұрғызады. Бірақ баласы ұйықтаған күйі ұйықтай береді.

Бірақ уақыттан соң жамағатқа үлгірсін деп анасы баласын қайта оятады. Бірақ баласы ол жолы да тұрмайды.

Сол күні баласы университетте сағат тоғызда сынақ тапсыру керек болатын. Бірақ анасы Ақырер сынағын елемеген баласын дүние сынағына тұрғызуын қаламайды. Нәтижеде бала сағат тоғыз жарымда оянып, анасына: «Анашым! Бүгін мен сынақ тапсыруым керек еді. Мені неге ертерек оятпадыңыз?»,-дегенде, анасы: «Ақырет сынағынан қалған адамға дүние сынағы не қажет?»,-деп жауап беріпті.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға