Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Махаббатымыз жәннатты, мәңгі болсын!

Махаббатымыз жәннатты, мәңгі болсын!

Ері: - Аср намазын оқыдың ба?

Әйелі: - Жоқ.

Ері: - Неге?

Әйелі: - Шаршадым. Демалайын деп жатсам, көзім ілініп кетіпті.

Ері: - Ондай болса, дәл қазір бар да, құптан уақыты кірмей тұрып, аср намазыңның қазасы мен ақшам намазын оқып ал.

Келесі күні.

Ері жұмысқа көлікте кетіп бара жатыр. Оның сыртта жүргенде әйеліне қоңырау соғып, үйдің жағдайын сұрайтын әдеті болатын. бірақ сол күні ол әдетінен айнып, әйелімен хабарласпай қойды.

Ері қоңырау шалып тұрғанына үйреніп қалған әйелі, қоңырау болмағаннан соң, бірдеңе болып қалды ма екен деп, уайымдай бастайды. Біршама уақыт күтіп, кейін күйеуіне қоңырау шалады. Жауап жоқ. Тағы қоңырау, жауап жоқ. Осылай күні бойы қайталанады. Ерінен жауап жоқ... Әйелі кезекті рет қоңырау шалғанда, күйеуі телефонын көтереді.

Әйелі: - Амансың ба? Неге жауап бермейсің?

Ері: - Құдайға шүкір, аманмын.

Әйелі: - Жұмыстасың ба?

Ері: - Иә, төрт сағат болды жұмыста отырғаныма.

Әйелі: - Төрт сағат?!... Содан бері маған жауап бермей отырсың ба?

Ері: - Жолда шарғаннан соң, бір көз іліп алғаным ғой.

Әйелі: - Сонда маған жауап беруге мұршаң болмағаны ма? Телефонды естімедің бе?

Ері: - Жоқ, естідім.

Әйелі: - Онда неге жауап бермедің? Әлде маған жауап беруді қаламадың ба?

Ері: - Иә. Кеше сен де азанды естіп тұрып, Алла Тағаланың шақыруына жауап беруді қаламағанындай, мен де саған жауап беруді қаламадым.

Әйелі үн қатпады. Біраздан соң, істің мәнін түсінген ол: - Иә... Рас... Сен рас айтасың...

Ері: - Қаза еткен намазың үшін сені кешіретін мен емес, Алла Тағала. Хақ Тағаладан кешірім сұрап, тәубеңе келіп, ендігіде намазыңды қаза етпе. Жәннатта бірге боламыз десең, намазыңа берік бол!...

Қанша ма ер мен әйел бір-біріне: «Мен сені сүйемін»,-деп жатады. Бірақ бұл сөз көп жағдайда құр сөз болудан аспай қалып жатады. Шын махаббат – мәңгі махаббат. Пәни – өткенші, жәннат – мәңгі. Баршамыздың махаббатымыз жәннатты, мәңгі болсын, құрметті мұсылман қауым! Әмин!

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014