Жәннаттың атаулары

Жәннаттың атаулары

Жәннат – сөздік мағынасы жеміс ағашы мол, ішінде өзендер аққан, ағаштарының көптігінен іші көрінбейтін бау.

Құран Кәрімде жәннаттың бірнеше атауы бар. Араб тілінде бір заттың көп атауы болуы оның маңыздылығын көрсетеді.

1.Хуснә. (Мол жақсылық)

«Жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар...[1]»

2. Дәр әс-Сәләм (Амандық, бейбітшілік мекені)

«Оларға Раббыларының қасында бейбітшілік жұрты бар...[2]»

3.Жәннәт Ғадын (ғадын жәннаты)

«Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар мен Ғадын жәннатында, көркем орындар уәде етті...[3]»

4.Жәннәт Нәғим (Рахаттық жәннаты)

«...оларды астарынан өзендер ағатын Нағым жәннәтінің жолына салады[4]»

5.Дәр Мұттақин (Тақуалар мекені)

«...Әлбетте тақуалардың қонысы қандай жақсы[5]»

6.Жәннат Фирдаус (Фирдаус жәннаты)

«Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Фирдаус жәннаты қонақ үй болады[6]»

7.Жәннат Хулд (Мәңгілік жәннаты)

«(Мұхаммед (ғ.с.) Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? -де[7]»

8.Ғұрфат (Бөлмелер)

«Міне, бұлар сабыр еткендіктері себепті жоғары сыйлыққа бөленеді...[8]»

9.Дәр Муқомә (Мәңгі тұрақ мекені)

«Ол өз кеңшілігінен бізді тұрақты орынға орналастырады. Бізге бұл жерде шаршау да, жалығу да болмайды[9]»

10.Дәр қарар (Тұрақты Мекен)

«...Сөзсіз ақырет, ол тұрақты жұрт[10]»

Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «(Алла тағала ) Ізгі құлдарым үшін көз көрмеген, құлақ етімеген және адам баласының ойына келмеген жақсылықтарды әзірлеп қойдым,-дейді[11]»,-деп айтылған.

[1] Юныс сүресі, 26-аят

[2] Әнғам сүресі, 127-аят

[3] Тәуба сүресі, 72-аят

[4] Юныс сүресі, 9-аят

[5] Нахыл сүресі, 30-аят

[6] Кәһф сүресі, 107-аят

[7] Фұрқан сүресі, 15-аят

[8] Фұрқан сүресі, 75-аят

[9] Фатыр сүресі, 35-аят

[10] Ғафир сүресі, 39-аят

[11] Бұхари, Муслим, Термизи, Ибн Мажаһ

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға