Коронавирусқа қарсы пәрменді қару!

Коронавирусқа қарсы пәрменді қару!

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мына дұғаны оқу әдеті болған:

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْبَرَصِ، وَالْجُنُونِ، وَالْجُذَامِ، وَمِنْ سَيِّئِ الأَسْقَامِ

«Уа, Тәңірім! Расында, мен алапестіктен, алжудан, жаман аурулардан өзіңнен пана тілеймін». (Әбу Дауд)

Бұл дұғада Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) адам үшін тым қауіпті кеселдерден сақтану жолы бейнеленген. Ғалымдардың айтуынша, «жаман аурулар» сөзі ауру атаулының бәріне қатысты.

Тарихтан мәлім, Мәдинада оба пайда болған кезде, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Хақ Тағалаға мінәжат етіп, обадан құтқаруын тілеген. Демек, түрлі бәледен алдын ала сақтану шараларын қолдану, әрі болып жатқан бәледен Алла Тағаладан пана тілеу – сүннет.

Келесі мәселе! Ислам әрбір жағдайға байланысты тиісті шара қолдануын бұйырады. Нақты бүгінгі ахуалды алар болсақ, коронавирустан сақтану үшін бетті арнайын бетпердемен жауып жүру, сырттан келгенде қолды сабындап жуу т.с.с. Исламның ешбір талабына қайшы емес. Осының өзі Ислам кемел, тіршіліктің барлық талабына сай дін екенін көрсетеді. Сондықтан Ислам соқыр тәуекел жоқ! «Не болса да, Құдайдан болады»,-деп, қол құсырып отыруға болмайды. Мұсылман екі дүниесін, пәни мен Ақыретін қатар алып жүретін адам. Сондықтан ол түрлі ауру-кеселден сақтану шараларын істеп қана қоймай, Алла Тағаладан сол әрекеті берекелі болуын тілейді. Өйткені, айналып келгенде, әрбір істің нәтижесі Хақ Тағаланың қалауына байланысты.

Ғалымдар пенденің бір бәленің жамандығынан Хақ Тағаладан пана тілеуін найза, садақтан қорғанатын қалқанмен салыстырған. Сондықтан бетті бетпердемен жабумен шектелмей, Алла Тағаладан амандығымызды тілейді ұмытпайық, құрметті халайық!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға