Муса пайғамбардың дұғасы!

Муса пайғамбардың дұғасы!

Перғауынның қудалауынан сақтанып Мадйан еліне келген, сапардан шаршап-жүдеген Муса пайғамбар (ғаләйһис-саләм), талға сүйеніп тұрып:

رَبِّ إِنِّي لِمَا أَنزَلْتَ إِلَيَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ

-«Уа, Раббым! Расында, мен маған берер жақсылығыңа мұқтажбын»,-деген болатын. («Қасас», 24 аят)

Көріп тұрғанымыздай, Муса (ғаләйһис-саләм) «маған анау, маған мынау керек» деп, Алла Тағалаға ишара етпеді. Ол істің мән-жайын Хақ Тағала тапсырып, бар болғаны: «Уа, Тәңірім! Мен осы жағдайымда қандай жақсылыққа мұқтаж болсам, маған соны нәсіп ет! Ал мен қандай жақсылыққа мұқтаж екенімді өзімнен гөрі, сен артық білесің»,-деді.

Муса пайғамбар (ғаләйһис-саләм) өзін осылайша Хақ Тағалаға тапсырудың нәтижесі қандай болды? Алла Тағала Мусаны (ғаләйһис-саләм) Шұғайб пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) күйеу баласы етіп, Мадйан тұрақтатты.

Бұл ғибратты жағдайда біз үшін өнеге болар жайт: Муса пайғамбар (ғаләйһис-саләм) өзін Алла Тағалаға тапсыруы. Оның осы істегі ықыласы, әрі сол ықыластың берекелі нәтижесі.

Біз де бүгін, әрбір ісіміздің оңды нәтижесі Хақ Тағаланың қалауында екенін ұғынып, Муса пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) осы дұғасын оқуды әдет етсек! Көріп тұрғанымыздай, Мусаның (ғаләйһис-саләм) бұл дұғасы жайында Құранда айтылған. Ал Құранда айтылғанның барлығы – ғибрат, өнеге. Коронавирустан сақтанудың өзге әрекетімен қатар,  осы дұғаны ықыласпен оқудың нәтижесінде, Алла Тағаланың қалауымен, осы күндерден аман-есен өтсек, оның несі ғажап!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға