Құдай қаласа!

Құдай қаласа!

Құдай қаласа, бұл күндер де өтер, кетер. Мешіттеріміз ашылады. Қағбаның айналасы Хақ Тағаланың рахметі мен кешіріміне мұқтаждарға толады.

Құдай қаласа, оқушылар мен студенттер оқуын жалғастырады. Сөйтіп өз кезінде жазғы демалысқа шығады.

Құдай қаласа, ертең кешегіден де жақсы болады.

Жақсы пейіл – жарым ырыс! Жаратушы Ие пендесіне ниетіне қарай береді. Хақ Тағаланың рахметінен күдер үзбейік. Жақсылықтан үміттенейік. Алла Тағала «Шарх» сүресінің 5-6 аяттарында: «Расында, қиыншылықтан кейін жеңілдік болады. Ақиқатында, ауырпашылықтан соң жеңілдік бар»,-деген.

Хақ Тағаланың осы дегеніне сенбесек, онда несіне өзімізді мұсылман санаймыз?!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға