Шаһидтің сауабы нәсіп болсын!

Шаһидтің сауабы нәсіп болсын!

Мына кереметке қараңыз!

Имам Бухари Айша анамыздан (родиял-лаһу ғанһа) риуаят еткен хадисте, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) обаны Алла Тағала қалаған елге жіберетін азабы дей келе, былай деген: «Хақ Тағала обаны мүминдер үшін Өзінің рахметі етті. Оба болып жатқан елден сауаптан үміттенген халде сабыр етіп кетпеген, әрі тек Алла Тағаланың жазғаны болады деген сенімдегі адамға шаһидтің сауабы жазылады».

Әрине, бұл хадисте оба жайында айтылған. Алайда, бүгінгі ахуалдың одан айырмашылығы сәл ғана. Екіншіден: хадисте айтылған «елден шықпау» жағдайы қазіргі карантин жағдайымен дәлме-дәл келеді. Оған қоса, әрбір шаңырақ – шағын бір ел, мемлекет. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі карантин бізге шаһидтің сауабын нәсіп етпек!

«Фатхул-Баридің» қаламгері, имам Ибн Хажәр (рохматуллаһи ғаләйһи), осы хадистің шархында (түсініктемесінде) былай деген: «Осы хадисте айтылған сипатқа ие болған, жантәсілім болмағанның өзінде, шаһид сауабын алады».

Ал хадисте екі сипат жайын айтылған: бір жерден сыртқа шықпау және болған ахуалға сабыр ету.

Алла Тағала баршамызға бүгінгі жағдайдан абыроймен өтіп, шаһид сауабына қол жеткізуімізді нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға