Ең бай адам едік...

Ең бай адам едік...

Имам Тирмизи риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Амандықта таң аттырған, денсаулығында ақау болмаған және бiр күндiк азығы болған адам бүкiл дүние иеленгенімен тең болады»,-деген.

Коронавирустан бұрын, бәрін ұмытып, дүние қуып, мәңгі өмір сүретіндей болып кеткен едік. Енді, міне, көзге көрінбейтін бір микроб дүниені дүрліктіріп, әлемді аласапыранға салып қойды. Бір ғана микробтың себебімен Алла Тағала бір сәт амандықтың, бір жұтым судың, бір тілім нанның қадірін білдіріп қойды. Олай болса, барына шүкіршілік, қанағат етіп, өзімізді әлемдегі ең бай адам екенімізді мойындайтын кез келді! Әрине, бойымызда иман, ынсап болса.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға