Коронавирусқа қатысты он тұжырым!

Коронавирусқа қатысты он тұжырым!

Коронавирус дүрбелеңі пайда болғанына шамамен бір ай болды. Бұл уақыт коронавирус жайында белгілі дәрежеде тұжырым жасағанға жеткілікті.

1. Дүниедегі құбылыстың барлығы – Хақ Тағаланың жаратқаны. Коронавирус – Алла Тағаланың жаратқан құбылыстың бірі.

2. Дүниеде Хақ Тағаланың қалауынсыз еш нәрсе өздігінен пайда болмайды. Демек, коронавирус Алла Тағаланың бір жаратылысы.

3. Әрбір жаратылыс – Алла Тағаланың құдіреті және даналығының бейнесі. Коронавирус та осы айтылғаннан тыс емес. Бұл мәселеде шәк жоқ! Бірақ бз, ақылымыздың шектеулі болу себебінен мұны түсінбеуіміз мүмкін.

4. Мына пәни дүние – сынақ орны. Ал коронавирус – сол сынақтың бірі.

5. Қоғам бұзылып, тура жолдан айныған сәтте Алла Тағала ескерту ретінде өз әскерін жібереді. «Фатх» сүресінің 4-ші және 7-ші аяттарында былай деген: «Көк пен жердегі әскер – Алла Тағаланың билігінде». («Фатх», 4-ші, 7-ші аят)

6. Біз пендешілікпен Хақ Тағаланың жаратқанына өз бағамызды беріп жатамыз. Сол себептен сырт көзге жамандық болып көрінген нәрсе, ақиқатында Алла Тағаланың рахметі болуы әбден мүмкін. Бұл мәселеге қатысты Алла Тағала былай деген: «Сендер бір нәрсені ұнатпасаңдар, Алла Тағала ол нәрседе көп жақсылық бар етуі мүмкін». («Ниса», 19 аят)

7. Соңғы кезде бұзақылық, қиынатшылдық, ұрлық т.с.с. етек жайып кетті. Осындай жағдайда Алла Тағаланың ескертуі болары сөзсіз. Сондықтан, біз коронавирусты, басты мәселеде, Хақ Тағаланың жазасы емес, ескертуі ретінде қабылдағанымыз жөн.

8. Мүмин пенде Алла Тағаланың сынағын тәубеге келу мүмкіндігі ретінде қабылдайды.

9. Құран адам баласы ең көркем жаратылыс екені жайында айтылумен қатар, білімі шектеулі, әлсіз, сабырсыз деп сипатталған. Қазіргі уақытта кейбіріреулердің дүрлікпе, үрейшіл болуы соның айғағы.

10. Алла Тағаланың рахметінен күдер үзбеу – мүминнің сипаты. Бұл мәселеге қатысты Алла Тағала былай деген: «Хақ Тағаланың рахметінен күдер үзуші болмаңдар! Ақиқатында, Алла Тағаланың рахметінен тек кәпірлер үміт үзеді». («Ниса», 19 аят)

Осылай екен, Жаратушы Иенің рахметінен күдер үзбейік! Тәубеге келіп, күнә-қателіктеріміз үшін Алла Тағаладан кешірім сұрап, коронавирусқа қатысты осы тұжырымды өзгелерге жеткізейік! Жақсылыққа себепкер болайық!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға