Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Коронавирус көзімізді жеткізді!

Коронавирус көзімізді жеткізді!

«Бес уақыт намаз оқы»,-десе: «Пенсияға шығайын. Уақытым жоқ. Жұмысты кім істейді»,-деген сылтау айтатынбыз.

«Ораза ұста»,-десе, «Қарным ашып қалады. Шөлдеп қаламын. Ұстай алмаймын»,-деп тағы жалтаратынбыз.

«Жұмаға бар»,-десе: «Бара алмаймын. Сауда тоқтап қалады»,-деп қашатынбыз.

Коронавирус келді. Үй-үйде карантинде отырмыз. Енді не деп сылтауратсақ болады екен, ә?!

Ажал да, Ақыреттегі сұрақ-жауап та осылай, құрметті халайық!

Қияметте пәнилік сылтауымыздың мәні болмайды!

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014