Береке көзі!

Береке көзі!

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Сәресiнi iшiңiздер! Өйткенi сәресiде береке бар». Бухари

Араб тілінде сәресіні «сухур» деп айтады. Ал «сухур» деп таң атудан бұрын тамақтануды айтады. Ораза ұстайтын адамның сәресі ішуі мустахаб, яғни шариғат оң көрген амалға жатады. Бұл мәселеде ғалымдардың арасында ихтиләф, яғни келіспеушілік жоқ. Сонымен қатар, сәресіні таң атқанға таяу ішу де мустахабқа жатады.

Сәресі ішу берекелі іс. Мұның себептері мәселесіне келер болсақ, ол: қазақ «Ас – адамның арқауы» демекші, сәресі оразашыны қуаттандырып, күні бойы дәм татпай жүрудің машақатын жеңілдетеді. Тілек қабыл болатын тәһәжжүд намаздың уақытында тұрып дұға етуді нәсіп етеді. Сәресі ішкен адам Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннәтін тірілткен болады. Сәресі құлшылыққа деген ықыласты пайда етеді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға