Мұсылмандар осындай еді!

Мұсылмандар осындай еді!

Һижри 15-ші жылы (636 ж.) Ярмук өзенінің жанында мұсылмандар мен византиялықтардың арасында 6 күнге созылған шайқас орын алады.

Ярмук – Израил мен Иорданияның арасындағы өзін.

Түрлі тарихи деректе сол шайқасқа қатысқан әскердің саны түрліше көрсетілген. Визатия әскері 40 (150, 240) мың адам, мұсылмандар әскері 20 (40, 36)  мың адам. Қандай болғандада, византиялықтардың әскері мұсылман әскерінен сан жағынан басым болғаны анық.

Сол шайқаста византилықтар талқандалады. Осыдан ашынған византиялық император Ираклий әскери қолбасшыларын шақырып алып, былай дейді:

- Сендерге не болды? Олар сендер сияқты адам емес пе?

- Иә.

- Сендер сан жағынан көп болмадыңдар ма?

- Рас.

- Онда неге жеңілдіңдер?

Сол кезде қолбасшының бірі былай дейді:

- Менің басым шабылмайтынына кепілдік берсеңіз, мен оның себебін айтайын.

- Айт. Сен ол үшін жазаға тартылмайсың.

- Рас. Олар біз сияқты адам. Бірақ олар түні бойы намаз оқып, күндіз ораза ұстайды. Уәделерінде тұрады. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Өзара қиянатқа бармайды. Ал біз болсақ, ішкеніміз шарап, істегеніміз ойнастық пен күнә, уәдемізде тұрмаймыз, бір-бірімізге зұлымдық етеміз, әділетсіздікті бұйырып, Құдай разы болатын нәрседен тыямыз, әрі бұзақылық істейміз.

Омар ибн Хаттаб (родиял-лаһу ғанһу) былай деген болатын: «Алла Тағала біздің мәртебемізді Ислам себепті көтерді. Осыдан соң мәртебені өзге нәрседен іздесек, Алла Тағала бізді қор етеді». («Әл-Бидая уан-ниһая», Имам Ибн Кәсир)

Иә, мұсылмандар осындай еді. Соның арқасында Ислам діні қазақ жеріне жетіп, қазақтар мұсылман болды. Исламның арқасында қаны мен тәні таза болған қазақтың табиғи пәктігі арта түсті. Ал енді бүгінгі жағдайымызға қарайықшы! Ішіп-жегеніміз адал ма? Тіршілігіміз дін талабына сай ма? Ұрлық, өтірік, зұлымдық пен қиянат әдетке айналмады ма? Мұсылман бола тұра, дінімізден шошып қалғамыз. Дінімізді оқып, үйренбестен, шариғат талабына мін тағамыз. Құранға, Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тіл тигіземіз. Осыдан соң: «Қиналып кеттім. Тілеп жатырмын ғой, қане Алла береді дегенің»,-деп, Алла Тағала дұға еткенімізді міндетсінеміз. Алла Тағала беруге дайын, біз соны алуға лайық емеспіз. Соны ойлансақ еді!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға