Сәлемдесу қағидалары

Сәлемдесу қағидалары

Сөздің анасы – сәлемдесу. Сәлем беріп, сәлем алғанда жылы жүзбен көзге тіке қарап, шын пейілмен амандасады. Қолдың ұшын тигізіп немесе басын басқа жаққа бұрып тұрып амандасуға болмайды Кім бұрын «Ассалаумағалайкүм!» деп сәлем берсе оның алатын сауабы көп болмақ. Сондықтан жастардың көбірек сауап жинағаны жарасады.

Еркек пен әйел қол беріп амандаспайды. Бірақ әйел бірінші болып қол созса оны дереу алу керек (карантин кезіне жүрмейді).

Көпшілік орында, дастархан басында кейін келген адам жағалай бәрімен қол беріп амандаспайды. Бәріне ортақ «Ассаләму ғаләйкум» деп амандасса жетіп жатыр. Отырғандардың бірі «Уә аләйкумус-саләм» десе бәрі сәлем алған болып есептеледі.

Бас изесіп, амандасуға, хал-жағдай сұрасуға болады.

Дәретханада, моншада сәлем бермейді, сәлем алмайды.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға