Тәрбиенің өзгеруі

Тәрбиенің өзгеруі

«Кімнің басында болмайды, жас кезінде махаббат болу керек»-деген ұғыммен өмір сүретін жастар тұрмақ, ата-аналар да бар.

Өзінің қызына келген жігітті мақтанышпен əңгіме қылып отырған аналарды да өз көзіммен көрдім. Бір бөлмеге кіріп алып, ойыншығын құшақтап жылап отырған қызына: «Не боп қалды тағы да? Жігітіңмен ұрысып қалдың ба? Бір-біріңді ренжіте берсеңдер несіне жүресіңдер?»-деген сияқты ақыл айтатын ақымақ ата-аналардың саны артып бара жатқаны жасырын емес.

Бұрын әкесі баласына ақыл айтқанда; «Сен «ат жалын тартып мінетін жасқа келдің»-дейтін еді. Қазір: «Сен қызға баратын жасқа келдің»-деп ұрысатын болды. бұл сөз азғындыққа үгіттейді.

Ата-ананың аузынан шыққан сөз баланың болашағына елеулі әсерін тигізеді. Бұған заң емес, үйдегі тәрбиенің дұрыстығы ғана шектеу қоя алады.

Жандарбек Бұлғақов

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға