Құрбандықты қай кезде шалған абзал?

Құрбандықты қай кезде шалған абзал?

Жоғарыда айтылғандай құрбандықтың уақыты Құрбан айттың үш күні. Әркім өз қалауы мен шамашарқына қарай құрбандығын айттың қайсы күні соямын десе де өз еркі. Бұл жағдайда құрбандыққа мал шалу міндеті орындалған болады.

«Құрбандықты қайсы күні шалған абзал?»-мәселесіне келер болсақ, бұл мәселеде біз[1] Омар, Әли, Ибн Аббас, Әнас ибн Малик және Әбу Һурайраның (роди-ял-лаһу ъанһум): «Құрбандық – үш күн. Олардың абзалы – әуелгісі»-дегеніне сүйенеміз.[2] Себебі, құлшылықты атқаруға асығу қашан да сауапты іске жатады!

Тәүлік мезгіліне келер болсақ, құрбандықты күндіз шалған абзал. Құрбандықты түнде шалу рұқсат  етілгенімен, мәкрүһ.[3] Себебі, қараңғыда түрлі қателер болуы мүмкін. Мысалы, жеті адам қосылып ірі қара малды шалып, ет тең бөлінбесе, дұрыс болмайды.



[1]яғни, ханафи махһабын ұстанушылар.

[2]«Әл-Һидая», «Мухтасарүл-Қудури», «Әл-Лүбабу фиш-шархил-Китаб».

[3]«Әл-Һидая», «Мухтасарүл-Қудури», «Әл-Лүбабу фиш-шархил-Китаб», «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға