Құрбан айт күндері мустахаб болған амалдар

Құрбан айт күндері мустахаб болған амалдар

1. Айт күні ерте тұрып шомылып шайыну;

2. Жаңа немесе таза киім кию;

3. Хош иісті су, әтір себу;

4. Көңілді, шат болып жүру;

5. Мүмкіндігінше көп садақа беру;

6. Жағдай келсе намазға жаяу бару. Себебі, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айт намаздарына әдетте жаяу жүріп барған;

7. Намазға бір жолмен барғаннан кейін, қайтқанда басқа жолмен қайту;

8. Айт намазына бара жатып, жолда тәкбир айту;

9. Құрбан шалатын жағдайда Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сүннетіне сәйкес, айт намазын оқып біткенше өзін ішіп-жеуден тыю. Алайда, қалаған адам Құрбан айт намазынан бұрын ішіп-жесе мәкрүһ болмайды;

10. Айт күндергі дұғалар қабыл! Сондықтан да Құрбан айт түндерін дұға және құлшылықпен өткізген жөн. Қаза намаздарын өтесе, Құран оқыса болады. Бұған қатысты Пайғамбарымыз Мұхаммед (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Рамазан және Құрбан айт түндерінің сауабынан үміттеніп, ғибадатпен өткізген кісінің жүрегі, өзге жүректер өлген күні өлмейді»-деген.

Айт күндері мейіршапағат, рақымдылық, достық сезімін тудыратын күндер. Бұл күндерде түрлі жағдай әсерімен еңселері түсіп, жандары қысылған кісілердің рухы шаттанып, келешекке үміттері оянады.

Айт күндері әсіресе ата-анаға ерекше ілтипатпен қарап, құрмет көрсету – әрбір мұсылманның қасиетті борышы. Себебі, Алла Тағалаға Құранда Өзіне ғибадат етуді бұйырып, артынша ата-анаға құрмет көрсетуді талап еткен.

Айт күндері өзара кездескен мұсылмандар бір-бірін айтпен құттықтап, туыс, жора-жолдастарын зиярат етіп, оларға жақсы тілек білдірулері – әдіптілік бел-гісі болып есептеледі.

Сондай-ақ, науқастардың жағдайынан хабар алып, оларға шипа тілеп, ізгі ниет білдіру, көрші, ауылдастар мен мұқтаждарға ерекше құрмет көрсету, жетім-жесірлерге жәрдем беріп, көңілдерін көтеру, марқұмдарға дұға ету, достық та, туыстық та қарымқатынасы үзіліп, суып кеткендерді қайта табыстыру – әрбіріміздің мұсылмандық борышымыз!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға