Бүгін тапқан қазынам!

Бүгін тапқан қазынам!

Қар – қыстың сыйы. Гүлдену – көктемнің сыйы. Күннің қызыуы – жаздың сыйы. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) – екі дүниенің сыйы!

-

Дүние ғажабы!

Адамдар бар, жүрегіңе түкіріп тұрып, сен одан кешірім сұрауыңды күтетін!

-

Алла Тағаланың пешенеңе жазылғанын өзіңнен басқаға бұйырмайды, әрі Хақ Тағаланың белгілегенінен артық-кемі болмайды. Олай болса, қарынның емес, намаздың қамын же!

-

Пенде Алла Тағаладан өзгеге мұқтаж еместігіне нық сенсе, Хақ Тағала оны біреуге мұқтаж етіп қоймайды!

-

Бақыт деген не?

Адам болу – бақ! Мұсылман болу – бақ! Соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметі болу – бақ! Ал қалғанның барлығы – осының қосымшасы ғана!

-

Сабыр етіп күте білген пенде, уақыты келгенде қалағанынан артығына қол жеткізеді!

-

Ара-арасында айнаға қарап тұрған дұрыс! «Сымбаттымын ба?»,-деп емес! «Адаммын ба?»,-деп!

-

Қисық өсен талды түзету қиын!

-

Жүрек есігін дүние сүйіспеншілігі қаққан сәтте, Ақырет сүйіспеншілігі жүректен қашады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға