Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Ғайбаттың қасіреті!

Ғайбаттың қасіреті!

Жәбир ибн Абдулла (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Біз Нәбимен (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) болғанымызда, бір жаман сасық иіс келді. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Бұл ненің иісі екенін білесіңдер ме? Бұл – мұсылмандарды өсектегендердің иісі»,-деді».

Имам Әбу Дауд (рохматуллаһи ғаләйһи) Әнас ибн Маликтен (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте, Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деді: «Исра (көккке көтерілген) түні мен тырнақтарымен беттеріп тырнап жатқан адамдарды көрдім. Мен: «Уа, Жәбрәил! Бұлар кім?»,-деп сұрағанымда, ол: «Бұл – адамдарды өсектеп, олардың ақысын жегендер»,-деп жауап берді».

Адамдар екі түрлі болады. Біреу – өзгелер істеген күнәнің жазасын өтеуші, екіншісі – жақсылыққа себепкер болушы. Ғайбатшы біреу істеген күнәнің жазасын өтеушіге жатады. Себебі өсек айту біреудің ақысына қол сұққанға жатады. Ал бұл, өз кезегінде, аманатқа қиянат жасаған болып есептеледі. Ақыретте есеп-қисап сауаппен жасалады. Сондықтан Қияметте ғайбатшы тілі тиген пендеге, оны өсектегеннің өтемі ретінде, сауабын береді, сауабы болмаса, сол өзі өсектеген пенденің күнәсін алады. Сонда, пәниде – сасық иіс, Ақыретте – тозақ азабы! Ей, ғайбатшы! Осы ма бар тапқаның?!

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014