Дүниедегі ең мақтаулы адам!

Дүниедегі ең мақтаулы адам!

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүниеге келіп, «Мұхаммед» (мақтаулы) есімімен танымал болудан бұрын, Құраннан ілгері түсірілген иләһи кітаптарда «Ахмад» (ең мақтаулы) деп аталған болатын. («Соф», 6 аят) Ал Құранда Алла Тағала Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) «Мұхаммед» деп атады. («Әли Имран», 144 аят)

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) осы есіміне сай:

- Алла Тағала Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм), ол дүниеге келместен бұрын мақтады.

- Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүниеге келгеннен, оны адамдар мақтады.

- пәниде мұсылмандар Алла Тағаладан Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мақтаулы орынды нәсіп етуін тілесе, Қияметте Алла Тағала Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сол мақтаулы орынды нәсіп етеді.

- Алла Тағаланың әміріне сай Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көп мақтау айтқан мұсылман үмметі Құранда «хамидун» (мақтау айтушы) деп аталған.

Дүниедегі барша мақтауға лайық – жалғыз Алла Тағала! Бірақ бір пендесін өзінің мақтауына лайық етуі – Хақ Тағаланың жомарттығын белгісі. Пенде үшін осыдан артық мәртебе жоқ, әрі бұл мәртебе жетудің бірден-бір жолы – Құранда айтылған «мақтау айтушылардың» қатарында болу!

Алла Тағала баршамызға осылардың қатарында болуды жазсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға