Жиһадтың ұлығы!

Жиһадтың ұлығы!

Адам баласы өлімнен гөрі өмір сүруді артық жақсы көреді. Ұзақ ғұмыр кешуді қалап, өлімнен қорқады. Тіпті, мәңгі өмір сүруді аңсайтындар бар!

Дінімізде «дін талабына сай өмір сүру» және «дін үшін жан тапсыру» деген ұғым бар. Қалай ойлайсың? Осының қайсысы оңай? Дінмен өмір сүру ме, әлде дін үшін жан тапсыру ма?

Алла Тағала тағдырыңа жазған болса, дін жолында жан тапсыру бір сәтте! Ал дінмен өмір сүру жылдарға созылатын ахуал. Пенде дінді ұстануы үшін көптеген қиыншылықтан өтеді. Айналадағылар дүние қуып, арам, жалған, қиянат, зұлымдық пен қылмыс адалдық, ақиқат, аманат пен әділідіктен басым болса. Өзге дін өкілдері емес, өзін мұсылман есептегендер дінді артта қалушылық, құлшылықты айыпты іс деп түсінсе. Осындай ортада тек рухани қуатты адам ғана дін талаптарын орындап, дін талабына сай тіршілік ете алады. Сондықтан «дін үшін жан тапсырумен» салыстырғанда «дін талабына сай өмір сүру» әлде қайда қиын!

Пәниге алданбай, адасқан көпшілікке ермей, имандылығы үшін айыпталудан қорықпастан дінді ұстана білу, дін талаптарына сай тіршілік ету – дін жолындағы жиһад, тіпті, жиһадтың ұлығы!

Алла Тағала жалған пәниге алданбастан, дін талабымен тіршілік етуімізді нәсіп еткей! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға