Залым жазасыз қалмайды!

Залым жазасыз қалмайды!

Имам Бухари (рохматуллаһи ғаләйһи) Әбу Сағидтен (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деді: «Мүминдер тозақтан шыққаннан соң көпір үстінде тоқтатылып, сол жерде бір-бірінен пәниде істелген зұлымдықтың есесін алады. Кейін пәктеніп, жақсы кейіпке келгеннен соң, жәннатқа кірулеріне рұқсат етіледі. Мұхаммедтің жаны билігінде болған Аллаға қасам! Жәннатқа кірген сондағы орынын пәнидегі үйінен артық көреді».

Мына пәниде зұлымдық істеп, жазаға тартылмаған пенде: «Зұлымдық жазасынан құтылдым»,-деп ойлауы қате! Пенде бұл дүниеде зұлымдығының нәтижесін көрмеседе, Ақыретте міндетті түрде жазаға тартылады. Осыны ұмытпайық, халайық!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға