Күнәнің мысалы!

Күнәнің мысалы!

Бірінші мысал: кейде денеде пайда болған ісіктің бір ғана емі болады. Оны жарып, сылып, немесе кесіп алып тастау керек. Бұдан басқа емі болмайды. Егер ісіктен дер кезінде құтылмаса, ол басқа ауруды пайда етуі мүмкін. Күнә да сол тәрізді. Кез келген әрекет ниеттен бастау алады. Ал ниеттің орны – жүрек. Сондықтан күнәнің бірден-бір емі – оны жүректен алып тастау керек!

Әрекет жүректен бастау алатыны жайында Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) имам Муслим (рохматуллаһи ғаләйһи) Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте айтқан.

Екінші мысал: күнә от шоғына ұқсайды. Саналы адам отқа жоламайды, әрі шоқты үстіне тигізбейді. Өйткені шоқ денесін күйдіріп, киімінде із қалдыратынын біледі. Тіпті, бір шоқтың себебінен от пайда болуы мүмкін. Күнә да шоқ тәрізді, пенденің жүрегіне дақ түсіреді, болмаса күнәһарлыққа тартып кетеді.

Үшінші мысал: күнә жұқпалы ауруға ұқсайды. Жұқпалы вирустың  аз-көбі болмайды. Адам ауырып калу үшін бір вирустың өзі жеткілікті. Мысал ретінде тымауды айтса болады. Күнә да сол тәрізді! Күнәнің үлкен, кішісі болмайды. Пенде кіші, не болмаса үлкен күнә істесін, қандай болғандада, күнә істеген болады. Бұл мәселеге қатысты ғалымдарымыз: «Күнәнің үлкен-кішілігіне қарама, оны кімге қарсы келіп істеп жатқаныңа қара»,-деген.

Төртінші мысал: күнә шаянға ұқсайды. Адам баласы шаянға, ол кішкентай, немесе үлкен шаян болсын, жоламайды. Себебі қандай болғандада, шаянның шаққаны қауіпті. Күнә да сол тәрізді! Күнәнің қандай түрі болмасын, пенде үшін қауіпті.

Алла Тағала күнәнің баршасынан пәк болуымызды нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға