Біз сондай болып кеттік...

Біз сондай болып кеттік...

Жайнамазы біреу ғана, бірақ сәждесі мың болған үммет едік. Бүгін жайнамазы мың, бірақ сәждесі бір болған үмметке айналдық.

Көп оқу себебінен Құран кітаптарын тоздырып жіберетін үммет едік. Бүгін Құранды үй әшекейіне айналдырған үммет болдық.

Сауапты істе жарысатын үммет едік. Бүгін күнә істеуде жарысатын үмметке айналдық.

Дүниені билесекте, керілмеген үммет едік. Бүгін болмашы нәрсеге қол жеткізсек өзгелерді танымайтын үммет болдық.

Әйелзат өзін көрсетпейтін, ұялғанын көрсететін үммет едік. Бүгін өзін көрсетіп, ұятты ұмытқан үмметке айналдық.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) әйелзаттың көңілін жақсы, жылы сөзбен көтеретін еді. Біз бүгін әйелге қол көтеретін үммет болдық.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) кейде үш күн қатарынан қарны ашып жүретін. Біз бүгін күніне бес рет тамақтанатын үммет болдық.

Түні бойы намаз оқу себебінен Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) аяқтары ісіп кететін. Біз бүгін ұйқыдан көзіміз ісіп кететін үммет болдық.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға