Кедейлердің мәртебесі!

Кедейлердің мәртебесі!

Біз пендешілікпен кейде біреуге түрі, тұрмысына қарап баға беріп жатамыз. Осы бағамыз: «Бұл адамның тұрмыстың жағдайы мәз емес екен»,-деген тұжырыммен шектелсе мейлі еді-ау! Арамызда біреуді кедейлігі себебінен адам санатынан шығарып тастайтындар да баршылық!

Негізі, көп жағдайда пенденің бағасы, мына пәнидің ақиқатына сай, жалған болып жатады!

Ал ақиқатында кедейлер:

- пайғамбарлардың сүйіспеншілігіне бөленген жандар.

- жәннатқа ең алдымен кіретін солар.

- жәннаттың басым көпшілігі болатында солар.

Имам Бухари (рохматуллаһи ғаләйһи) Ибн Аббастан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Мен жәннаттың ішін көріп, ондағының басым көпшілігі кедей болғандар екенін көрдім»,-деген.

Бұл – барлығымыз кедей болайық деген сөз емес! Бұл жердегі мәселе – адамға тұрмыстық жағдайына қарап «жақсы-жаман» баға бермеу!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға