Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Бүгін тапқан қазынам!

Бүгін тапқан қазынам!

Перзентке: «Бұл айыпты іс! Біреу көрсе ұят болады!»,-дегеннен гөрі: «Былай істеме, күнә болады! Бұл іс Алла Тағаланың қаһарын келтіреді! Керісінше, былай істесең сауап болады!»,-деп үйреткен абзал. Осылай тәрбиеленген бала Алла Тағала пенденің барлық ісін қадағалайтынын жастайынан ұғынады.

-

Әрбір пенде дүниенің емес, игі ниеттің қамын жеуі тиіс. Себебі әрбір іс ниетке қарай ескеріліп, сауап ниетке қарай беріледі.

-

Біреуге сүйіспеншілігі жайында айтып, кейін көңілі өзгеде болған – жалғаншы. Ақырет жайында айтып, бірақ көңілі дүниеде болған – жалғаншы.

-

Жетпіс жыл бойы Қағба мен мақам Ибраһимнің арасында Алла Тағалаға құлшылық еткен, әрі залымды жақсы көрген пенде, Қияметте жәһаннамға сол залыммен бірге түседі. (Ибн Масғуд)

-

Әйелзат бар инабаттылық үшін жыртықты тігіп киетін, әрі әйелзат бар жалаңаштану үшін бүтінді жыртып киетін.

-

Мәжнүнді – әйелге, Қарунды – дүниеге, ал Перғауынды атақ пен мансапқа болған махаббаттары жалмады. Сахабалар Алла Тағалаға деген сүйіспеншілігі себепті дін жолында жан тапсырды. Өлмес пенде жоқ! Мәселе, өлім мәнді болуында!

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014