Ынсап қажет!

Ынсап қажет!

Біреу досына барып есігін ұрды. Досы шығып: «Қош келдің! Не қызмет?»,-деп сұрады.

- Маған қарызға ақша керек.

Досы үндеместен үйіне кіріп, ол сұраған ақшаны алып шықты.

Содан соң ақша берген досы үйіне кіріп күйініп көзіне жас алды. Оны көрген әйелі: «Неге сонша күйіндіңіз? Қарыз бергеніңізге ме?»,-деп сұрады.

- Жоқ, оған күйінбедім! Досыма қарыз берегеніме емес, оның жағдайынан бейхабар болғаныма күйінемін...

Қанша қысылып тұрсада, қарыз сұрамайтын адамдар бар. Сондай-ақ басқалай лажы жоқтықтан қарыз сұрауға мәжбүр болатындар бар. Солардың ішінде өзіміздің бауыр, діндес, көршілеріміз баршылық.

Алла Тағала баршамызға ынсапты болуымызды жазсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға