Мұсылман кәлиманы білуі тиіс!

Мұсылман кәлиманы білуі тиіс!

Күнделікті болып жатқан жағдай!

Бізде әдетте мешіт имамы мешітке неке қию үшін жастарға некенің талап-шарттарын, отбасы құрудың мәнісін түсіндіреді. Сол шарттың бірі – неке қиятын ер мен әйел мұсылман болуы тиіс.

Әдетте, имам жастарға кәлиманы айтқызады. Бұл – заман талабы! Себебі, неке қиятындардың ішінде намаз оқып, ораза ұстағаны былай тұрсын, кәлиманы айта алмайтындар баршылық. «Қазақ болсаң болды, сен мұсылмансың»,-деген сенімде жүрген адам мұсылмандықтың құжаты, жәннаттың кілті болған кәлиманы білсің бе?! Осы себептен жастардың ішінде кәлиманы өмірінде неке қиятын сәтте ғана, тілі күрмеліп айтатындары тым көп. Неткен масқара десеңші!

Бір күні мешітке жастардың некесін қидіру үшін бір топ адам келеді. Имам жастарға некенің шарттарын түсіндіреді. Некелесетін екі жас кәлиманы айтатын кезде жігіт кәлиманы айта алмай мүдіріп қалады. Сол сәтте арадан біреу жігіт үшін намыстанып: «Молдеке, жастарды сонша қинамасаңыз еді»,-деп наразылығын білдіреді. Бірақ кәлиманың маңыздылығын түсінген имам, сабырлық етіп, жігітке кәлиманы буындап болсада айтқызады.

Негізінде имам біреудің перзентіне кәлиманы айтқызумен машақаттанбастан, екі жастың некесін қиіп қоя салу керек еді. Алайда...

Өзін мұсылман есептеген, бірақ бір сөйлемнен тұратын кәлиманы білмеген адам жайында не десе болады?! Біз сол кәлиманың себебінен мұсылман емеспіз бе?!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға