Бүгін тапқан қазынам!

Бүгін тапқан қазынам!

Егер білсең, бір мүмин пенденің Құран оқумен өткізген бір түні, сен ойын-сауықпен өткізген мың түннен абзал!

-

Шариғатта дінге кіргізу мақсатында мұсылман болмаған біреудің көңілін сыйлық беріп аулау бар. Кезінде біреуді дінге кіргізу мақсатында дүниесін сарып еткендердің ұрпағы, бүгінгі күні сол дүние үшін қызын дінсіздерге беріп, өзін де, перзентін де тозақтың құрбаны етуде!

-

Бір жетім бала досының үйіне ойнау үшін барады. Досы: «Даусыңды қатты шығарма. Әкем оянып кетеді»,-деп ескерткенде жетім бала: «Онда әкемнің қабырының жанына барып ойнайық. Мүмкін әкем оянып кетер!»,-дейді.

-

Төрт нәрсе төрт нәрсемен жуып-шайылады:

- жүзің көз жасымен.

- тілің зікірмен.

- жүрегің тақуалықпен.

- күнәң тәубемен.

-

Бұл дүниеге келуді жоспарламаған екенсің, енді дүниеден кетуді жоспарлай алмассың. Өлім айтып келмейді.

-

«Балам! Тәубені кешіктірме! Себебі өлім айтып келмейді». Лұқман Хаким

-

Уәде берер екенсің, уәдеңді мойындамай қойма! Себебі, уәде – ар-ұят, ар-намысың!

-

Кешкі асты анаңмен бірге жеп, көңілін аулағаның, нәпіл қажылық орындағаныңнан абзал! Хасан Басри (рохматуллаһи ғаләйһи)

-

Көп истиғфар айту:

- жүрегіңді пәктейді.

- ісіңді оңдайды.

- несібеңді молайтады.

- жолыңды ашады.

- күнәңнің кешірілуіне септігін тигізеді.

-

Неге адамның барлығы Құран оқымайды? Себебі, Құран – пәкиза кітап. Ал пәкиза кітапты оқу сол пәкизалыққа лайық пенделерге ғана нәсіп!

-

Айтылған сөз – атылған оқ. Оқтың көздегені – нысана, сөздің нысаны – жүрек.

-

Таң намазын оқу – Алла Тағаланың таңдаулы пенделеріне нәсіп сый. Олай болса Хақ Тағала баршамызға таң намазын оқығандардың қатарында болуымызды жазсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға