Бүгін тапқан қазынам!

Бүгін тапқан қазынам!

Пәни – сынақ орны. Дүние жолы – машақатты. Сырат көріпі де жәһаннамның үстінде, әрі жәннатқа апарар одан өзге жол жоқ! Сондықтан ешқашан үмітсіздікке түспе!

-

Қамықпа! Өмір жолындағы табаныңа кірген тікен – сен іздеген гүлдің хош хабары.

-

Жақсылығы айтылса, қуанған, жамандығы айтылса, ашуланған адамның ісі ғажап!

-

Дүниенің қамын жеген мөлшерде жүрегіңнен Ақырет қамы шығып, Ақырет қамын жегеніңе сай дүние қамы жүрегіңнен шығады. Малик ибн Динар (рохматуллаһи ғаләйһи)

-

- Сен қой етін жейсің бе?

- Жоқ.

- Сиыр етін жейсің бе?

- Жоқ.

- Балық жейсің бе?

- Жоқ.

- Вететаринсың ба?

- Жоқ. Кембағалмын.

-

Істеген жақсылығың үшін рахмет күтсең, жақсылық істемегенің, бәлкім жақсылығыңды сатқаның.

-

«Жапырақсыз қалдым»,-деп бұтағыңды шаппа. Бұршақ атып, гүлдейтін шағың әлі алда!

-

Кім Алла Тағаладан қорықса, Алла Тағала баршасын одан қорқатын етіп қояды. Хасан Басри (рохматуллаһи ғаләйһи)

-

Саған достық ұсынылып созылған қолдың барлығын ала берме! Себебі, қолын созғандардың ішінде қанша шайтан бар екенін білмейсің ғой!

-

«Намазды қайртайған шағымда оқимын»,-дегендер, бұл – шайтанның насихаты екенін білсін!

-

Қанша жыл жасағаныңды емес, қанша сауапты амал істегеніңді ойла!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға